Ақтөбеде жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті іске қосылды

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 01:28 Сурет: polisia.kz
Жаңа полиция пункті Ақтөбенің тұрғындар саны қарқындап өсіп жатқан Есет батыр тұрғын алабында көпқабатты үйдің 1-қабатында орналасқан, жалпы алаңы 466 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнда учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен қатар, көші-қон қызметі, әкімшілік практика, пробация қызметкерлерінің жұмыс орындары, демалыс орындары қарастырылған.

Ерікті көмекшілерге арналған кабинет, азаматтарды қабылдау бөлмесі, ана мен бала бөлмесі де бар.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергісіз кіруге жағдайлар жасалған, оның ішінде арнайы жабдықталған санитарлық тораптар да бар.


Сурет: polisia.kz


Полиция пункті бейнебақылау жүйесімен жабдықталған және мұнда қызмет көрсететін аумағының бейнебақылау камералары шығарылған. Мұның барлығы полицияның ашықтығы, қолжетімділігі, құқық бұзушылықтар мен азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюы үшін жасалған. Жаңадан ашылған УПП Есет батыр тұрғын алабының №1, 2, 3, 4 мөлтек аудандары, Қызылжар №1, 2, 3 ауылдары, Рауан, Шығыс ауылдарына, “Геофизик” бау-бақша ұжымына қызмет көрсететін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: