Қашағандағы газ өңдеу зауыты 2025 жылы іске қосылады

Мұнай өңдеу зауыты салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 09:16 Сурет: pixabay
Жаңа зауыттың қуаты 1 млрд текше метрді құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта болашақ зауыттың орнында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР үкіметінің баспасөз қызметі. Салынып жатқан кәсіпорыннан бөлек, газ өңдейтін тағы бір зауыт салу жоспарлануда. Оның қуаты 4 млрд текше метрді құрайды.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында зауытты іске қосу мәселесі талқыланған жиын 25 ақпанда өтті.

Бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика министрлігіне 15 мамырға дейін Үкіметке ірі мұнай-газ жобаларын дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы келісілген қаулы жобасын енгізуді тапсырған болатын. Бұл халық пен өнеркәсіптің өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты мұнай-газ ресурстарын ұлғайту үшін қажет.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: