Ішкі істер министрлігінің екі жоғары оқу орнының басшылары жазаланды

Заң бұзғандар жазаланды Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігіне қарасты екі жоғары оқу орнында оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру Қостанай академиясы мен ІІМ Ақтөбе заң институтының басшылығы оқу-әдістемелік жұмысты сапалы және нәтижелі жүргізбегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асырмағанын көрсетті.

Оның үстіне оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру жолға қойылмаған, оқу орындарының бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру өз деңгейінде емес.

Бұл бұзушылықтар Академия мен Институт басшылығының функционалдық міндеттерін және лауазымдық нұсқаулықтарын тиісінше орындамауы салдарынан мүмкін болды.

Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институты басшылығының жұмысындағы олқылықтар мен қателіктер үшін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жазалау туралы бұйрыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары Ахан Нурушевке қызмет көрсету талаптарын толық орындамағаны туралы ескерту жарияланды.

Ал, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Алтай Байсұлтановқа қатаң сөгіс жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз