Ішкі істер министрлігіне қарасты екі жоғары оқу орнының басшылары жазаланды
Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталған.
Тексеру Ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығы сапалы, тиімді оқу мен оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етпегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүргізілмегенін көрсетті.
Бұған қоса оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған.
Бұған Академия мен Институт басшылығының қызметтік міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын дұрыс орындамауы себеп болған.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институтының басшылығын жұмыстағы олқылықтары мен кемшіліктері үшін жазалау туралы бұйрыққа қол қойды.
Осылайша Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары Нұрышев Ақан Жақыпбекұлына ескерту берілсе, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Байсұлтанов Алтай Бисенұлына қатаң сөгіс жарияланды.