Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

Полиция деструктивті ағымға ілескен адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2022 13:37 Сурет: polisia.kz
Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен, республикалық іздеуде жүрген, “Таблиги Джамаат” діни-экстремистік ұйымын ұстанушы – Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды.

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: