ШҚО-да түрмедегілерге ұялы телефон мен ақшаны жеткізудің жолы кесілді

Сонымен, бұған дейін бірнеше рет сотты болып, бостандыққа шыкқан азамат, темір тордың арғы жағында қалған достарына көптеген ұялы телефондар мен аксесуарларын, мекеме аумағынан лақтырмақ болған, ал жас қыз өзінің түрмедегі күйеуіне алаңдағаны соншалықты, кездесуден кейін ақша беріп кетпек болған.
Олардың бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері аумақтың сыртқы периметрін аралау кезінде оларды көріп, қашып кетуге тырысқан ер адамды байқады. 43 жастағы ер адам ұялы телефондар мен зарядтағыштар салынған пакеттерді лақтыруға тырысқан. Келесі факт тексеру кабинетінде орын алды, онда күйеуімен кездесуге келген жас қыздан қызметкерлер ақша тәркіледі.
Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды алып өтуін болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар әр секунд сайын жүргізілуде, олардың түсуінің барлық тәсілдері мен тетіктері анықталуда. Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері әрдайым мұқият және құқықтық тәртіпті сақтауда, - деді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Қанат Зиянов