ШҚО-да колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізудің екі дерегі анықталды

Бірінші жағдайда, түнде №18 мекемесінің іргелес аумағында 10-нан астам ораманы өткізуге тырысқан ер адам ұсталды.
Жеке тінту кезінде одан өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 12 орама, сондай-ақ фонаригі бар тұтандырғыш табылды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Мамандардың алдын ала мәліметтері бойынша, бұл кептірілген марихуана.
Операцияға 5511 әскери бөлімінің қызметкерлері, кинологиялық қызмет, сондай-ақ АІІБ және мекеменің жедел-режимдік бөлімінің өкілдері қатысты.
Оқиға орнына Шемонаиха ауданы АІІБ жедел-тергеу тобы шақырылды. Екінші жағдайда, №17 мекемесінде 5 орамы бар 3 курс студенті ұсталды, олардың ішінде телефондар мен керек-жарақтар болған. Екі заң бұзушы да жауапкершілікке тартылады.
Есірткі тасымалдаушыға – қылмыстық, студентке – әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері түзету мекемелерінде тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастыруда.