Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да түрмедегілерге ұялы телефон мен ақшаны жеткізудің жолы кесілді

Түрмедегі адамдарға заңсыз заттар жеткізілмек болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 16:12 Сурет: Zakon.kz
Колония қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жеткізуге тырысқан Өскемен қаласының екі тұрғынын бір күнде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, бұған дейін бірнеше рет сотты болып, бостандыққа шыкқан азамат, темір тордың арғы жағында қалған достарына көптеген ұялы телефондар мен аксесуарларын, мекеме аумағынан лақтырмақ болған, ал жас қыз өзінің түрмедегі күйеуіне алаңдағаны соншалықты, кездесуден кейін ақша беріп кетпек болған.

Олардың бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері аумақтың сыртқы периметрін аралау кезінде оларды көріп, қашып кетуге тырысқан ер адамды байқады. 43 жастағы ер адам ұялы телефондар мен зарядтағыштар салынған пакеттерді лақтыруға тырысқан. Келесі факт тексеру кабинетінде орын алды, онда күйеуімен кездесуге келген жас қыздан қызметкерлер ақша тәркіледі.

Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды алып өтуін болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар әр секунд сайын жүргізілуде, олардың түсуінің барлық тәсілдері мен тетіктері анықталуда. Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері әрдайым мұқият және құқықтық тәртіпті сақтауда, - деді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Қанат Зиянов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: