Көкшетауда студент нәпақасын мефедрон тасу арқылы тауып отырған

Қылмыстық іс Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ПД
19 жастағы көкшетаулық студент аса ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағы бір мефедрон тасушы Көкшетау көшелерінде ұсталды. Бұл жолы жедел уәкілдер жергілікті колледждердің бірінің 19 жастағы студентін құрықтады. Жазғы демалыстың екі айында жас жігіт қаланың әртүрлі бөліктерінде мефедрон психотропты затын салып, фотосуреттерді кураторларға жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары барысында полицейлер оның ұялы телефонын тәркіледі.

Тінту барысында полицейлер мефедрон психотроптық заттың аналогы құрамдас 64 “зиплок” қалташасын тауып алып, тәркіледі, сараптамаға сәйкес оның салмағы 22,64 грамды құрады.

Қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу кезеңінде айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз