Көкшетауда студенттен 15 түйін мефедрон тәркіленді
Сурет: Zakon.kz
Шығыс өнеркәсіп аймағының аумағында жедел уәкілдер синтетика салумен айналысатын 20 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұстау кезіндегі жеке тінту барысында жігіттен консистенциясы ақ түсті ұнтақ тәрізді 15 полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді, болжам бойынша – мефедрон.
Тиісті сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сондай-ақ, тергеу рәсімдері кезінде жас жігітке тиесілі ұялы телефон тәркіленді.
Айыпталушы елордалық жоғары оқу орындарының бірінің студенті және жазғы демалыста екендігі белгілі болды.
Айта кету керек, биыл есірткімен күрес полицейлері есірткі заттарының 25 салушысын ұстады, 2 келіден астам синтетика заңсыз айналымнан тәркіленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript