Бакалавриат стипендиясы 20% өсті

Шәкіртақы өсті Сурет: Zakon.kz
Жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат стипендиясы 20%-ға өсті. Ал магистратура мен доктарантурада оқитын студенттер шәкіртақысы 15%-ға артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты.

Яғни жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат деңгейінде стипендия 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге дейін, оның ішінде педагогикалық бағыттағы студенттер үшін 50 мың теңгеден бастап 58 800 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, магистратура және докторантура 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге дейін және тиісінше 172 500 теңгеден 195 000 теңгеге дейін өсті.

Бұл жалпы 161 мың білім алушыны қамтиды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз