Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары шілдеде 279,9 млрд теңгеге өсті

Зейнетақы қоры ұлғайды Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары шілдеде 279,9 млрд теңгеге немесе 2,1%-ға ұлғайып, 13 664,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы шілдеде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 165,9 млрд теңгеге, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 7 412,5 млрд теңгеге дейін өсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны қоса алғанда) 10,9 млн. шотты құрады.

2022 жылғы шілдеде зейнетақы төлемдерінің көлемі 26 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (жиынтық зейнетақы активтерінің тиісінше 43,9% және 21,3%) алып отыр. ).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз