Маусымда қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 613,7 млрд теңгеге өсті
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары бір айда 613,7 млрд теңгеге немесе 4,8% ұлғайып, 13 384,5 млрд теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 505,4 млрд теңгеге, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 246,6 млрд теңгеге дейін өсті.Ұлттық Банк
1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны қоса алғанда) 10,9 млн шот болды.
Маусым айында зейнетақы төлемдерінің көлемі 36,7 млрд теңгеге жетті.
1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (жиынтық зейнетақы активтерінің тиісінше 42,6% және 21,4%) алып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript