Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары мамырда 169 миллиард теңгеге қысқарды
![зейнетақы қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 17:48](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-4e3a7df5-e7cb-4d54-b83a-6796996ecacc/800x451.webp)
Ұлттық банкте атап өткендей, ағымдағы жылдың мамыр айында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кірістің 292,1 млрд теңгеге, 1 маусымдағы жағдай бойынша 6 741,1 млрд теңгеге дейін төмендеуі байқалды.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны қоса алғанда) 10,9 млн теңгені құрады.
2022 жылғы мамырда зейнетақы төлемдерінің көлемі 26,1 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (жиынтық зейнетақы активтерінің тиісінше 42,5% және 22,8%) алып отыр.
Еске салайық, сәуірде зейнетақы жинақтары бір айда 40 млрд теңгеге немесе 0,3%-ға азайып, 12 939,5 млрд теңгені құрады.