Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда темекі сұраған ер адамды көлік жүргізушісі қағып, үстінен басып өткен

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 19:40 Сурет: видеодан алынды
Оқыс оқиға 21 тамыз күні сағат 22.00 шамасында қаладағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қалалық ПД-ға қарасты Киров полиция бөліміне хабарлама түсе салысымен, бірден жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды.

Белгілі болғандай, көлік жүргізуші 30 жастағы азаматты қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні басу қасақана жасалған деген шешімге келді. Бейнежазбадан көлік жүргізушісінің сауда орынынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған. Сол сәтте жүргізуші орнынан қозғалып, азаматты қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жүргізушісі жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан жылдам “ізін суытқан”. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешінді іс-шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті жәбірленушіні танымайтынын, дүкеннен сауда жасап шыққанда оны бірінші рет көргенін айтты. Жәбірленуші одан темекі сұрған, ол оған бос қорапты көрсеткен, көлік салонында отырған әйел де жәбірленушіге ескерту жасағаны айтылады. Алайда жәбірленуші қозғалып бара жатқанда көлікке жақындап, сол кезде оны қағып кеткені белгілі болды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабына (Адам өлтіруе оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары қолға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: