Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 11:29 Фото: Zakon.kz
21 қараша күні кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінде төтенше жағдай орын алды.

Қалалық жедел басқару орталығының кезекшісіне үйден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Дереу жақын маңдағы автопатрульдер мен жаяу жасақтар оқиға орнына бағытталды. Алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция батальонының инспекторлар Жәнібек Шакиров пен Қуаныш Султаналин, сондай-ақ ЖӘАЖ жауынгері Әмір Шамелов жетті.

Олар жағдайдың күрделілігін бірден бағалап, өрттің таралу қаупін және тұрғындардың түтінмен улану ықтималдығын түсіне отырып, бірден эвакуация жұмыстарын бастады.

Өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтаумен айналысып жатқанда, полицейлер үйлерді аралап, әр пәтерді тексеріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару шараларын жалғастырды.

Сонымен бірге, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін патрульдік полиция күштері жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында 20-дан астам адам құтқарылды.

Бұл оқиға Көкшетау полициясы мен өрт сөндіру бөлімінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жедел шешім қабылдауы мен ерен еңбегі көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: