Головкин WBO тұжырымы бойынша чемпион атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Бокс Сурет: Twitter/qazaqstyle
Америкалық Деметриус Андраде қазақстандықпен жекпе-жекке шығудан бас тартқаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Жәнібек Әлімханұлын WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын, тамаша жаңалық. Қазақстандық чемпиондардың легі арта берсін. Геннадий Головкин

Желіде бұған жауап қатқан Әлімханұлы Головкинге алғыс білдіріп, оны үлкен ағам деп атады.

Жәнібек Әлімханұлын Қазақстан Президенті құттықтаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлімханұлының отандық бокс мектебінің беделін арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалап, көптеген боксшыларымыздың әлемдік рингте табысты өнер көрсетіп жүргенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз