Ақмола облысындағы зираттан қару-жарақ сақталған орын табылды

Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы маңындағы зират аумағынан жасырылған қару-жарақ тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство "НЦ-12" маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, "Сайга-410" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленгенін мәлімдеді. Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді.

Сурет: polisia.kz
Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
0
Толық оқу