Алматы тұрғынының сарайынан қару-жарақ сақталған орын табылды

Қаңтар оқиғалары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2022 14:08 Сурет: polisia.kz
Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды. Тәртіп сақшылары сегіз “Сайга” қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz
Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К. есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағандығы анықталды. Күдікті олжаны “жақсы уақытқа дейін” үйдің адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырғаны анықталды.  Барлық қарулар тәркіленді.  Оларға сараптама тағайындалды. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков

“Камерад” қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: