Алматы полицейлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты

Полицейлер шақалақты көріп қайтты Сурет: polisia.kz
Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.

Біз әріптестерімізбен бірге сәбиді “Батыр” деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.

Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалды. 17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған.

Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз