Сирек кездесетін ауруларға қажет дәрілер қатары көбейді

Дәрі-дәрмек, сирек кездесетін аурулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2022 17:57 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда сирек ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге арналған препараттардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір оған төрт орфандық ауру мен 19 жаңа дәрі-дәрмек енгізілді, деп мәлімдеді Qazaqstan телеарнасы.

Лейкоз, эпилепсия, нейробластома, С жұқпалы гепатит секілді созылмалы аурулармен ауыратын екі мың балаға амбулаторлық деңгейде ем-дом көрсетіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде 26 орфандық ауруларға шалдыққан 13 мыңдай науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, жергілікті бюджет есебінен орфандық дертке шалдыққан екі мыңдай бала қажетті көмек алғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: