Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда бір мектепте 18 бірінші сынып бар

Нұр-Сұлтан қаласы, №83 мектеп-гимназия, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2022 09:42 Сурет: Zakon.kz
Елордалық 100 мектептің 15-інде осы мәселе өзекті, бұл тек ресми мәліметтер бойынша. Биыл Нұр-Сұлтанда бірінші сыныпқа барушылардың саны тағы да рекордтық көрсеткішке жетті – 26 000, деп хабарлайды Zakon.kz.

№83 мектеп – елорданың Алматы ауданындағы мектептердің бірі – аудандағы орыс тілінде оқытатын жалғыз мектеп. Бұл мектепке бірінші сыныпқа 18 оқушы қабылданды, деп мәлімдеді КТК.

Ата-аналар наразы, себебі балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр. Олар үйге кешкі сағат ондарда келеді.

Үйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, көп балалы отбасыларға берілді. Демек, бұл мектепте бала саны 4 мыңнан асып, 5 мыңға жетіп жығылады. Үш ауысым. Алты күн оқиды екенбіз. Үшінші және төртінші сыныпқа баратын екі балам кешкі сағат үштен 8-9-ға дейін оқиды. Айгүл Дүйсінбинова

Ата-аналардың айтуынша, олардың арыз-шағымына мән беріп жатқан жан пенде жоқ.

Небәрі 1200 орынға есептелген білім ордасында оқушы шамадан тыс екенін мектеп директоры да жоққа шығармайды. Мектеп алты жыл бұрын жаңа салынған кезде бар-жоғы 372 бала болған. Ал бүгінде олардың саны 10 еседен асады: барлығы 4,5 мың бала тіркелген.

Соңғы бес жылда мыңдаған пәтер пайдалануға берілді. Біздің шағын участокта балалар да тұрып жатыр. Сондықтан баланы қабылдамауға моральдық әрі заңды құқығым жоқ. Ата-аналар келіп, жаңадан оқушы әкелгенде, мен мектепті аралатып, қысылып-қымтырылып, балаларды қандай қиын жағдайда оқытып отырғанымызды көрсетемін.№83 мектеп-гимназияның директоры Сәуле Теменова

Мәселені қалай да шешу үшін мұнда 600 орындық қосымша ғимарат салу жоспарланыпты. Ол екі ауысымда мыңнан астам оқушыны қабылдай алады. Дегенмен, бұл да мәселені толыққанды шешпейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: