Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілуі мүмкін
![COVID-2019, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 22:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-ad06f14b-b2c5-4172-98ae-548f15f27698/800x451.webp)
Ел астанасының "Жасыл аймаққа" өткеніне бір апта ғана болды. Бірақ жағдай қайта ушыққан. Бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 7 адамға өсіпті. Жалпы, республика бойынша бір күнде 416 жағдай тіркелген. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда, 47 науқасқа көп. Әсіресе дертті жұқтыру дерегі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы көш басында тұр, делінген Астана телеарнасының жаңалығында.
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коновирустан 6 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Ал пандемия басталғалы 13 мыңға жуық науқас көз жұмған. 1 миллионға жуық адам аурудан емделген. Мамандар тұрғындарға бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жүруге кеңес береді.