Астанада бір күнде миллионнан астам адам қоғамдық көлікті пайдаланады

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
CTS компаниясының деректеріне сүйенсек, қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.
Бұл ретте, 2024 және 2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:
- 700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
- Қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
- Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
- Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
- 5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.
Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript