Нұр-Сұлтанда бір мектепте 18 бірінші сынып бар
№83 мектеп – елорданың Алматы ауданындағы мектептердің бірі – аудандағы орыс тілінде оқытатын жалғыз мектеп. Бұл мектепке бірінші сыныпқа 18 оқушы қабылданды, деп мәлімдеді КТК.
Ата-аналар наразы, себебі балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр. Олар үйге кешкі сағат ондарда келеді.
Үйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, көп балалы отбасыларға берілді. Демек, бұл мектепте бала саны 4 мыңнан асып, 5 мыңға жетіп жығылады. Үш ауысым. Алты күн оқиды екенбіз. Үшінші және төртінші сыныпқа баратын екі балам кешкі сағат үштен 8-9-ға дейін оқиды. Айгүл Дүйсінбинова
Ата-аналардың айтуынша, олардың арыз-шағымына мән беріп жатқан жан пенде жоқ.
Небәрі 1200 орынға есептелген білім ордасында оқушы шамадан тыс екенін мектеп директоры да жоққа шығармайды. Мектеп алты жыл бұрын жаңа салынған кезде бар-жоғы 372 бала болған. Ал бүгінде олардың саны 10 еседен асады: барлығы 4,5 мың бала тіркелген.
Соңғы бес жылда мыңдаған пәтер пайдалануға берілді. Біздің шағын участокта балалар да тұрып жатыр. Сондықтан баланы қабылдамауға моральдық әрі заңды құқығым жоқ. Ата-аналар келіп, жаңадан оқушы әкелгенде, мен мектепті аралатып, қысылып-қымтырылып, балаларды қандай қиын жағдайда оқытып отырғанымызды көрсетемін.№83 мектеп-гимназияның директоры Сәуле Теменова
Мәселені қалай да шешу үшін мұнда 600 орындық қосымша ғимарат салу жоспарланыпты. Ол екі ауысымда мыңнан астам оқушыны қабылдай алады. Дегенмен, бұл да мәселені толыққанды шешпейді.