Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам жауапқа тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 12:47 Фото: polisia.kz
Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам жауапқа тартылды.

Полиция қызметкерлері автокөлік салонында отырып, дабыл тапаншасынан ауаға екі рет оқ атқан 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Тексеру барысында құқық бұзушының аталған әрекетті жасаған кезде алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін оған әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Ал қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша жиналған әкімшілік материал соттың қарауына жолданды.

Сонымен қатар сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: