Қостанай облысында өртенген ғимарат жертөлесінен ер адамның денесі табылды

Төтенше жағдай Сурет: Instagram/qostanai_tjd
Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкенінің жертөлесінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның жеке басы әлі нақты анықталған жоқ, деп хабарлайды "Наша газета" Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт бүгін - 3 қыркүйекте сағат 11:20-да басталды. Назарбаев көшесі бойындағы "Оружейное палата" дүкені өртенді. От жақын маңдағы ТЖО және асхана ғимараттарының шатырына тарады. Қару-жарақ дүкеніндегі оқ-дәрілер жарыла бастады.

Қызыл жалын сегіз жеке тұрғын үйді де шарпыды, сонымен қатар үйдің алдында тұрған екі жеңіл көлікті де бүлдірді.

Өрт сағат 14:29-да ауыздықталды. Бірақ толықтай әлі оқшауланбаған. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Айта кетсек, дүкен иесі жертөледе екі адам қалып кеткенін өрт сөндірушілерге айтқан. Өз кезегінде құтқарушылар оқ-дәрілердің жарылуына байланысты оларға жақындау мүмкін еместігін жеткізген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз