Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Әулиекөл ауылындағы еріктілермен кездесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2022 16:12 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр. Сапар барысында ол Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысты, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әулиекөл ауылындағы гуманитарлық көмек тарату пунктінде зардап шеккен азаматтармен және еріктілермен кездесті, - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды.

Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді, – деді мемлекет басшысы.

5 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысында 1841 адам: Озерное ауылынан – 250 адам, Аманқарағай ауылынан – 1000 адам, Калинино ауылынан – 228 адам, Лесное ауылынан – 363 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: