"Алматыда студенттер далада қонып жүр" деген ақпарға қатысты министрлік түсінік берді

Түсініктеме Сурет: freepik
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгіндері вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Алматыда жүргенін, студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше ол сонда болатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады. Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласу сұралады.

Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады. Айта кету керек, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз