Министрлік "дипломды сатып алу" туралы жарнамаларға қатысты түсінік берді

Министрлік "дипломды сатып алу" туралы жарнамаларға қатысты түсінік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 21:10 Сурет: gov.kz
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова "Қазақстанда жоғары білім туралы жалған диплом сатып алуға бола ма?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көбенованың айтуына қарағанда, қазіргі таңда жалған дипломды сатып алу "мүмкін емес", себебі берілген барлық дипломның түпнұсқалығын тексеруге болады.

"EPVO сайты бар – кез келген жұмыс беруші дипломның нөмірін енгізіп, оның қашан және қай жылы берілгенін көре алады". Гүлзат Көбенова

Вице-министрдің мәліметінше, 1991 жылдан бері берілген 3,5 миллионнан астам құжат цифрландырылған.

"Кейінгі жылдары берілетін дипломдарда QR-код пен сериялық нөмір бар, сол арқылы адамның расында оқыған-оқымағанын тексеруге болады", - деді ол.

Алайда дипломға қатысты алаяқтықты мүлде жоққа шығаруға болмайды. Интернетте жалған диплом сату туралы хабарландырулар әлі де кездеседі.

"Әрине, алаяқтар бар – олар диплом сатамыз деп жарнама береді. Біз бұл мәселемен Цифрлық даму министрлігі, ІІМ және Мәдениет министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін ескертемін", - деді шенеунік.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат сотында куәгер сотталушы дипломды қалай "жасатпақ" болғанын айтып берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: