2026 жылы жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының қымбаттауына қатысты Ғылым министрлігі жауап берді

Студенты, университеты, вузы, абитуриенты, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 15:11 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 25 желтоқсанда Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова жаңа салық реформасы мен инфляция жағдайында 2026 жылы жоғары оқу орындарында оқу ақысының өсуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, ақылы бөлімде оқу құнын белгілеу – әрбір жоғары оқу орнының өз құзыретіндегі мәселе.

"Уәкілетті орган әдетте жоғары оқу орындарына қазіргі экономикалық ахуалды ескеріп, соған сәйкес оқу ақысын белгілеу жөнінде ұсыным береді. Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек, оқу ақысының өсімі, әдетте, өткен жылмен салыстырғанда 5–7 пайыздан аспаған. Биыл бұл мәселе әлі талқыланған жоқ, алайда дәстүрлі түрде осы үрдіс сақталады деп ойлаймын", – деді вице-министр.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 11 қарашада жоғары оқу орындары арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу қағидалары бекітілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: