Президент Қостанай облысы тұрғынының мәселесін қарауға уәде берді

Әлеуметтік желі Сурет: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Қостанай облысына сапары кезінде жергілікті тұрғындармен кездескен Президентке жақындап келген жас жігіт басы әбден қатқан мәселесін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның видеосын Ақорда жариялады.

Жігіт өз үйін әлдекімдер құжаттарды қолдан жасап, әкімдік арқылы сатып жібергенін айтып, шағымданды. Сотқа да жүгініпті, бірақ судья оған мүлде құлақ аспағанға ұқсайды.

Президент оны мұқият тыңдап, әңгімелесу кезінде алдын көлегейлей берген күзетшісін бір жаққа сырып, жас жігітке мәселені нақтылау үшін бірнеше сұрақ қойды.

Оның айтуынша, үй иесі - атасы дүниеден өткеннен кейін туыстары баспананы өздеріне қайтара ресімдемеген, соның кесірінен қазір сол үшін өздері опық жүр. Сотты жағалап жүргендеріне осымен екінші жыл болыпты. Бірақ одан нәтиже жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас жігіттің мәселесін реттеуге көмектесетінін айтты.

5 қыркүйекте Қазақстан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізіп, Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өртті ауыздықтау, елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндамаларын тыңдады.

Президент өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтты. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз