Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көбейтіп, жүктемесін азайтпақ

балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 14:13 Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның аппарат отырысында еліміздегі балабақшалардағы тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шолпан Каринова мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында балабақша тәрбиешілеріне жүктемені азайта отырып, олардың жалақысын көтеруді тапсырғанын еске салды.

Мұғалім мен бала арақатынасын 1:12-ге дейін төмендету, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, мектепке дейінгі тәрбиешілерді аттестациялау жүйесін өзгерту ұсынылды.Шолпан Каринова

Ол бүгінде Қазақстанда бір балабақша тәрбиешісіне 25 баладан келетінін атап өтті. Мысалы, АҚШ, Австралия, Финляндияда бір балабақша тәрбиешісіне төрт баладан келсе, Түркия мен Қытайда 10 баладан келеді. Бұл ретте олардың жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан бірнеше есе төмен.

1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай алты жасқа дейінгі барлық баланы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: