Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда колледж қызметінің форматы қайта қаралады

Қазақстанда колледж қызметінің форматы қайта қаралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2024 17:59 Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа мәжілісінде еліміздегі колледждердің форматын қайта қарау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғани Бейсембаев қарқынды дамып жатқан еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауды талап ететінін айтты.

"Колледждерді түгендеу және профильдеу жүргізіледі. Бейіндік салалық кластерлерге сәйкес жүргізіледі: оңтүстік – өнеркәсіп, HOREGA қызметтері; орталық және шығыс – құрылыс, машина жасау; солтүстік – ауыл шаруашылығы және батыс – мұнай өндіру, қызмет көрсету және т.б. Бұл академиялық және өндірістік базаларды салалық колледждерге топтастыруға мүмкіндік береді. Аз контингенттері бар ауылдық колледждерді жетекші колледждермен интеграциялау жалғасады", - деді министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, облыс экономикасының қажеттігін ескере отырып, салалық құзырет орталықтарының желісі кеңейтіледі. Олар студенттердің практикалық оқуына, мамандарды қайта даярлауына және шағын біліктілік алуына негіз болады.

"Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қаржыландырудың икемді моделі әзірленіп жатыр. Сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасымен интеграцияланған білім беру бағдарламаларының ұлттық портфолиосы әзірленеді", - деді Ғани Бейсембаев.

2023 жылдың 10 қазанында Оқу-ағарту министрі мектептегі әлсіз оқушыларды колледжге мәжбүрлеп жіберуге тыйым салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: