Гүлмира Сатыбалды ісі: Мемлекетке 3,9 млрд теңге шығын келген

Ақша жымқырған Сурет: Zakon.kz
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша айып тағылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше нысанды салуға бөлінген қомақты қаржыға қол салып, мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге залал келтірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Тергеу барысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады. Күдікті адамдар күзетпен ұсталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз