Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Сурет: primeminister.kz
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты халықаралық көрме өткізу бойынша бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл тергеу «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша жүрзігіліп жатыр.
Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңге болды.
Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript