Шымкент денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді
petropavltv.kz
№1 клиникалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне де қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы және №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
- Олар 2019 жылы S-класты оториноларинголог дәрігердің жұмыс орнына арналған жабдықты көтермеленген бағамен сатып алу арқылы 52 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін анықтау бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Тергеу мүддесіне сәйкес Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript