Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

Төтенше жағдай Сурет: Zakon.kz
10 қыркүйекте сағат 11:41-де Құдайбердиев көшесіндегі көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, балкондардың бірінде үй заттары мен жиһаз отқа оранған. Қызыл жалын шарпыған аумақтың көлемі 14 шаршы метрді құрады.

Сағат 12:20-да өрт ауыздықталып, сағат 12:36-да толықтай сөндірілді.

ТЖД қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Оқиға орнында ТЖД-ның 31 қызметкері, ТЖМ Апатты медицина орталығы филиалының төрт қызметкері және 10 техника жұмыс істеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз