Пара алу кезінде ұсталған Қостанай облыстық сотының судьясы екі айға қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлық Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысына сәйкес Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкция берілді, делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, судьяны ҰҚК департаменті мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері тамыз айының басында пара алу кезінде ұстаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз