Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Қостанай қаласы бойынша ішкі қауіпсіздік департаментінің өзара іс-қимылының нәтижесінде Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде қолға түсті.ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі
Анықталғандай, қаражат мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін шығаруға арналған.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
ҰҚК Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript