Грек-рим күресі: Жартылай финалға өткен қазақ балуаны қола жүлдеге таласатын болды

Грек-рим күресі Сурет: olympic.kz
Күрес түрлерінен Белградта (Сербия) өтіп жатқан Әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Айдос Сұлтанғали қола медальға таласатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

60 келіде ел намысын қорғаған Айдос жартылай финалда қырғызстандық Жоламан Шәршенбековпен белдескен болатын. Өкінішке қарай, аталған кездесуде Айдос Сұлтанғали 0:7 есебімен қарсыласына оңбай есе жіберді, деп хабарлайды prosports.kz.

Енді ол қола жүлдеге таласады. Аталған белдесу 13 қыркүйекте сағат 22:00-де басталады.

Айта кетсек, грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшелері Амангелді Бекболатов пен Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресіп, ұтылып қалған болатын. Әзірге, Қазақстан командасының еншісінде бір де бір медаль жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз