Сербияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақ балуаны жартылай финалға өтті

Грек-рим күресі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 21:03 Сурет: olympic.kz
Белградта (Сербия) күрес түрлерінен Әлем чемпионатының үшінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан балуаны Айдос Сұлтанғали Қытай спортшысы Ликуо Каоды 7:1 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Айдос енді Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) - Ильдар Хафизов (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

2021 жылдың маусым айында грек-рим күресінен Түркияда өткен халықаралық турнирде Айдос күмісті медаль еншілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: