Қазақстанда халық саны тағы 141 мың адаммен толықты

Биыл жыл басынан бері халық саны 140,9 мың адамға немесе 0,7% өсті.
Бұл ретте:
ерлер саны – 9 млн 585 200 адам (48,8%);
әйелдер – 10 млн 58 900 адам (51,2%).
Халықтың табиғи өсімі 7 айда 9% төмендеп, 148,1 мың адам болды. 1000 халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 12,99 адамды құрады.
АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-шілдеде Қазақстанда 227,9 мың жаңа туған нәресте дүниеге келген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз. (256 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,99 туды.
Сонымен қатар елде 79,8 мың адам қайтыс болды. Бұл былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда (93,3 мың адам) 14,5% аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7 өлім болды.
Бұл ретте 1 жасқа дейінгі 1914 сәбидің өлімі тіркелді. Сәби өлімі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% төмендеді. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,40 жағдай болды.