Алматы әкімі ақылы автотұрақтан түскен табыс қайда кететінін айтты

паркинг Сурет: aparking
Алматы әкімі Ерболат Досаев 16 қыркүйекте кәсіпкерлермен кездесуде ақылы автотұрақтардан түсетін кіріс азаматтардың әлеуметтік қажетіне жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерболат Досаевтың айтуынша, әкімдік "Алан паркинг" ЖШС мен "Алматы СпецТехПаркинг Сервис" ЖШС активтерін коммуналдық меншікке қабылдауды аяқтады. Енді олар - 100% коммуналдық қызмет. Бір оператордан түсетін барлық кіріс жергілікті бюджетке түседі және делдалдар болмайды.

Ақылы автотұрақтардан түскен табыс азаматтардың әлеуметтік қажеттеріне жұмсалады. Жаңа құбырлар, инженерлік желілер, мектептер мен емханалар, мұның бәрі жергілікті бюджет есебінен салынады. Әлеуметтік мұқтаждықтар үшін әр тиынды қаланың бюджетіне жинаймын.Алматы әкімі Ерболат Досаев

25 сәуірде ақылы автотұрақтардың Алматының коммуналдық меншігіне қайтарылғаны белгілі болды.

Қазір компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, бюджет қаражатының ұрлануына қатысты тергеу жүріп жатыр.

14 сәуір күні AlanParking ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаевтың қамауға алынғаны белгілі болды.

Сонымен қатар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген "Порковки Алматы" жобасының (A-Parking) жауапты тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз