Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға әкелінген шетелдік көліктер міндетті түрде заңдастырылатын болды

Заңдастыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 10:47 Сурет: Zakon.kz
Заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларға түзетулер 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізіледі. Заңдастырудың өзі Жаңа жылдан бастап қолға алынады. Дегенмен, полиция “қылмыстық” және кедендік бақылаудан өтпеген автокөліктер заңдастыруға жатпайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ-де шетелдік көліктерді заңдастыру туралы айтып берді.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру міндетін жүктегенін еске салды.

Ол қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді.

Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейтін болады. Заңдастыру кезінде утиль алым төленбейді.

“Кодекстерге түзетулер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондықтан заңдастыру 2023 жылдан бастап жүргізілетін болады.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген автокөліктердің тізімі жасалды. Кейінірек әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды және жалпы негізде тіркеледі.

Бүгінгі таңда ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар автокөліктерді заңдастыруды барынша қарапайым және түсінікті ету тәсілдерін әзірлеуде. Автокөліктерді заңдастыру үшін полицияға онлайн-өтініш беру мүмкіндігі пысықталуда. Полициямен байланыс орталықтарының жұмысы ұйымдастырылады.

Тіркелген көліктерге қарапайым ақ нөмірлер беріледі, полиция қандай да бір шектеулер қоймайды. Еуразиялық экономикалық одақтың тауары болып табылмайтын автокөліктер кедендік баждарды төлеуі тиіс. Бұл үшін Қаржы министрлігі азаматтарға қолайлы кедендік декларациялау тетіктерін әзірлеуде.

Заңдастыруды өткізудің барлық шарттары әзірленгеннен кейін Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданатын болады.

Айта кету керек, “қылмыстық” және кедендік бақылаудан өтпеген автокөліктер заңдастыруға жатпайды.

Автокөліктердің шығарылған жылына және экологиялық санаттарына қарай талаптар жоқ. Қалған талаптар бойынша шешім қазір ұлттық және халықаралық заңнаманы ескере отырып қабылдануда.

Сондай-ақ жол ережесін бұзудың кейбір түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту болғанымен, полиция шетелдік автокөліктер бойынша ешқандай арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізбейтінін де хабарлағымыз келеді. Сақтандыру немесе автокөлік иелерін қудалау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат таралуда. Сондықтан сіздерді тек қана мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге шақырамыз! Қазір үкімет үшін Мемлекет басшысының автокөліктерді заңдастыру жөніндегі тапсырмасын орындау басым міндет болып табылады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов

Полиция жол қозғалысын қадағалау кезінде шетелдік автокөліктерді заңдастыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағдарланатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: