ОСК өкілі шетелдіктердің президентті сайлауға араласпауы жөніндегі норманы түсіндірді

Сайлау, ОСК, шетелдік Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Қазақстандағы президентті сайлауға шетелдіктердің араласпауы туралы заңнама нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл мәселені журналистер көтерді. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурызда Қазақстан халқына жолдауында сайлау процесіне шетелдік азаматтардың араласуына жол бермеу туралы тапсырмасын еске салды. Осыған байланысты БАҚ өкілдері Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмысты қалай түсінетінін сұрады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгін қаралып жатқан заң жобаларында шетелдіктердің араласпауы туралы норманы мәжілістегі жұмыс тобы мүшелері де зерделеп жатқанын нақтылады.

Қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңда үгіт-насихат кезеңінде араласпау тезисі бар. Онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін кандидаттарды, партиялық тізімді ұсынған саяси партияларды ұсыну мен сайлауға кедергі келтіретін немесе оларға ықпал ететін қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. Яғни, бұл қазіргі ережелер. Оның әрі қарай қалай дамитынын қазір депутаттар қарап жатыр.Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз