ОСК қарсы дауыс бергендердің дауысы неге есептелмейтінін түсіндірді
Сурет: Zakon.kz
26 қыркүйекте өткен брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Қазақстан президентін сайлау кезінде барлығына қарсы дауыс бергендердің дауысы не себепті есептелмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Шавкат Өтемісовтің айтуынша, барлық кандитатқа қарсы дауыс бергісі келетін азаматтар өз еркін білдіруге мүмкіндік алады. Бірақ сайлауда 50 пайыздан астам дауыс жинаған адам жеңімпаз атанады. Егер бірінші турда бұлай болмаса, қайта дауыс беру қажет болады.
Сонда ең көп дауыс жинаған екі үміткер сайлауға жіберіледі. Әрине, олардың арасынан жеңімпаз кейін анықталады. Қазіргі процедура осындай. Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов
Спикер ОСК қолданыстағы, бірақ заң шығару бастамасының субъектісі болып саналмайтын заңнаманы басшылыққа алынатынын атап өтті.
Парламент осындай редакцияда заң қабылдаған болса, біз оны қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып орындауымыз керек. Олардың дауысы неге есепке алынбайды дегенге келсек, бұл – сайлау бюллетенінде аты-жөні жазылған кандидаттарға көзқарасы мен өз еркін білдіргені. Шавхат Өтемісов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript