Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындықты бастады

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2022 18:55 Сурет: Zakon.kz
22 қыркүйекте ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия отырысында мына мәселелер қаралады:

  • 20 қарашаға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;

  • Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру туралы;

  • 20 қарашаға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қыркүйекте қол қойды.

21 қыркүйекте Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: