Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті, - делінген хабарламада.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.
Отырыс соңында президент бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу
0
Толық оқу