Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды

Шымкент, жанжал, суицид Сурет: видеодан скриншот
22 қыркүйек күні кешкілік Полиция департаментінің инспекторы "Сергек" камералары арқылы құбыр үстінен секірмек болған әйелді байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайтты тәртіп сақшысы жедел патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады.

Шақыру бойынша бірінші болып ППП 3 рота командирінің орынбасары Табиғат Жақсыбектегі келді. Тәртіп сақшысы бірден құбырға көтеріліп, әйелді қауіпсіз жерге алып шықты

Сонан соң мән-жайды анықтау мақсатында әйелді Әл-Фараби АПБ-на жеткізді. Белгілі болғандай, 30 жастағы келіншектің екі баласы бар екен. Бір күн бұрын ол күйеуімен ұрысып қалғандықтан, өзін-өзі өлтірмек болған.

Әйел мен туыстары полицияға оны асығыс қадамнан құтқарғаны үшін алғыс айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз